«Технологияларды Коммерцияландыру

жөніндегі Кәсіпқорлар Альянсы» 

Мамандар бірлестігінің 

Жалпы жиналысының

2016 жылғы 30 маусымдағы хаттамасымен

бекітілді

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсына (бұдан әрі – Альянс) мүшелік туралы осы Ереже «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңының, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңының және Альянс Жарғысының негізінде әзірленді, Альянс мүшелерінің Жалпы жиналысымен (бұдан әрі – Жалпы жиналыс) бекітілді және Альянс мүшелігіне қабылдау тәртібін, олардың құқықтары мен міндеттерін, мүшелік жарналар мөлшері мен төлеу тәртібін, сондай-ақ Альянстан шығу тәртібін айқындайтын негізгі құжат (бұдан әрі – Ереже) болып табылады.

 

1.2. Альянсқа мүшелік технологияларды коммерцияландыруға, технологиялар трансфертіне, экономиканы индустрияландыруға, ақпарат пен тәжірибені кеңінен алмасуды, Альянстың басқа мүшелерімен тереңдетілген үйлестіруді және ынтымақтастықты, және түптеп келгенде дербес әлеуметтік-экономикалық маңызды мақсаттарға шұғыл қол жеткізуді қоса алғанда, қоғамның технологиялық мәдениетін дамытуға белсенді қатысудың маңыздылығы мен мүмкіндігін түсінуді білдіру болып табылады.

 

1.3. Альянс, Альянсқа мүшеліктің ерікті сипатын негізге ала отырып, мүшелік және мүшелік жарналар мәселелері бойынша теңестірілген тәсілді қолданады. Альянс толыққанды қызметті қамтамасыз ету және ықпалды күшейту мақсатында, шетелдік мүшелерді қоса алғанда, мүшелерді тартуға және санын арттыруға, сондай-ақ оқытуды және сертификаттауды ұйымдастыру арқылы олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі. Жарғылық қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстарды ішінара өтеу үшін Альянс мүшелік жарналар жинауды жүзеге асырады. Альянс кеңестер, ұсыныстар беру, ғылым, коммерцияландыру және зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына (заңдар, кодекстер, стандарттар) түсініктемелер беру, түсіндіру әдістерін қоса алғанда, өз өкілеттіктері шегінде өзінің мүшелерінің мүдделерін қорғайды.

 

2. АЛЬЯНС МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

 

Жалпы ережелер

 

2.1. Альянс мүшелері Альянстың құрылтайшылары, сондай-ақ Альянс Жарғысында және осы Альянсқа мүшелік туралы ережеде көзделген тәртіпте Альянсқа кірген, Альянстың мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесетін, Жарғыны және өзге де басшылық құжаттарды және Альянстың басқару органдарының шешімдерін мойындайтын және орындайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

 

2.2. Альянс мүшелері технологияларды коммерцияландыру, жоғары технологиялық және инновациялық кәсіпкерлік, білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар бола алады.

 

2.3. Альянсқа мүшелік басқа коммерциялық емес, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктерге мүшелік үшін кедергі болып табылмайды.

 

Альянстағы жеке мүшелік

 

2.4. 2.2-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын жеке тұлғалар мүшеліктің келесі санаттарына өтініш бере алады:

 

- Альянстың қауымдастырылған мүшесі – өтініш берген кезде технологияларды коммерцияландыру саласында кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлғаларға беріледі;

- Альянстың толық мүшесі – технологияларды коммерцияландыру саласында, өтініш берген кезде технологиялық компанияларға инвестиция салуда кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі, біліктілікті арттыру бойынша 40 сағат семинардан өткен, сондай-ақ технологияларды коммерцияландыру нәтижелері бойынша, оның ішінде жасалған технологияларды лицензиялау мәмілелері және/немесе технологиялық компанияларға жеке және мемлекеттік қаржыландыруды тарту бойынша ақпараты бар расталған тізбесі бар жеке тұлғаларға беріледі. 

-  Альянстың сертификатталған мүшесі – Альянстың Оқыту және сертификаттау жөніндегі комитеті тағайындайтын Certified Technology Commercialization Professional (CTCP) дәрежесі үшін аттестация алу қорытындылары бойынша Альянсқа толық мүшелігі бар жеке тұлғаларға беріледі.

 

2.5. Альянсқа қауымдастырылған мүшелік мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

 

  • Альянс онлайн-коммуникациялық топтарына қосылу (блогтар, е-жөнелтім, әлеуметтік желілер);
  • Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;
  • Семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуға 20%-дық жеңілдік;
  • Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа да іс-шараларына тегін қатысу.

 

2.6. Альянсқа толық мүшелік мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

 

  • Альянстың онлайн-коммуникациялық топтарына қосылу (блогтар, е-жөнелтім, әлеуметтік желілер);
  • Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;
  • Альянстың корпоративтік кітапханасына тегін қолжетімділік алу;
  • LinkedIn кәсіби алаңында жабық топқа қол жеткізу;
  • Альянстың корпоративтік сайтында Альянстың толық мүшелерінің тізбесіне дербес ақпаратты енгізу;
  • Аккредиттелген семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуға 20%-дық жеңілдік;
  • Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа да іс-шараларына тегін қатысу.

 

2.7. Альянсқа сертификатталған мүшелік мынадай пайдалар алу мүмкіндігін береді:

 

  • Альянстың «Certified technology commercialization professionals» тізіміне қосу;
  • Альянстың корпоративтік сайтында дербес профиль құру;
  • Альянстың корпоративтік кітапханасына қол жеткізу;
  • Альянстың қызмет бағыттары бойынша қызмет көрсетуіне қатысу мүмкіндігі;
  • Технологияларды коммерцияландыру саласындағы жетістіктерді Қазақстанның технологияларын коммерцияландыру бойынша табысты тарихтар жинағына (National technology transfer success stories) енгізу, ол Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында инновациялық кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру бойынша білім беру курстарында пайдаланылады;
  • Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа іс-шараларына қатысу мүмкіндігі.

 

Альянсқа корпоративтік мүшелік

 

2.8. 2.2-тармақтың талаптарын қанағаттандыратын заңды тұлғалар жеке тұлғалар мүшеліктің келесі санаттарына өтініш бере алады: Альянстың қауымдасқан және толық мүшесі.

 

2.9. Альянсқа заңды тұлғалардың қауымдастырылған мүшелігі мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

 

  • Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;
  • Ұйым қызметкерлерінің семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуына 20%-дық жеңілдік;
  • Альянстың қызметтеріне 20%-дық жеңілдік.

 

2.10. Альянсқа заңды тұлғалардың толық мүшелігі мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

 

  • Ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін Альянстың жобалар каталогына енгізу; 
  • Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;
  • Ұйым қызметкерлерінің семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуына 20%-дық жеңілдік;
  • Альянстың қызметтеріне 20%-дық жеңілдік; 
  • Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа іс-шараларына қатысу мүмкіндігі. 

 

Альянсқа қабылдау тәртібі

 

2.11. Альянсқа жаңа мүшені қабылдау туралы шешім Альянс Жарғысының және Мүшелік туралы ереженің негізінде білікті көпшілік дауыспен – Кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 даусымен қабылданады. Альянс Кеңесінің жаңа мүшені қабылдау туралы шешімі Президенттің, ал ол болмаған кезде – Альянстың Атқарушы директорының қолы қойылған Альянстың бланкінде ресімделеді.

 

2.12. Өтініш беруші Альянс Кеңесінің оң шешімін алғаннан кейін 15 (он бес) күн ішінде көзделген мүшелік жарнаны енгізуге міндетті. Жарнаны жоғарыда аталған мерзімде толық мөлшерде енгізбеген жағдайда өтініш беруші Альянстың мүшесі болмайды, ал Альянсқа мүшелікке қабылдау көзделген мүшелік жарнаны енгізген күнге дейін, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады, содан кейін өтініш қайтарылып алынды деп саналады.

 

2.13. Альянсқа заңды тұлғалардың мүшелігінің алғашқы 12 айы төленбеуі мүмкін, ол туралы өтініш беруші өтінішінде көрсетеді.

 

 

3. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН КІРУ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ 

 

3.1. Жеке тұлғалар төлеуден босатылады және кіру және мүшелік жарналарды енгізбейді. 

 

3.2. Заңды тұлғалар кіру және мүшелік жарналарды белгіленген тәртіпте төлейді. Кіру жарнасын Альянстың жаңа мүшесі Альянсқа қабылдау туралы Кеңестің оң шешімін алған кезден бастап 15 (он бес) күн ішінде төлейді. Кейінгі мерзімдік мүшелік жарналарды Альянстың әрбір мүшесі бір жылға тиісті күнтізбелік жылдың алғашқы тоқсаны ішінде төлейді.

 

3.3. Кіру және мерзімдік жарналар мөлшері, сондай-ақ кіру жарнасын енгізу мерзімімен және түрімен байланысты өзгерістер жыл сайын Альянс мүшелерінің Жалпы жиналысында айқындалады және Жалпы жиналыстың тиісті Хаттамаларында көрініс табады.

 

3.4. Мерзімдік жыл сайынғы мүшелік жарналар мөлшері ұйым қызметкерлерінің – Альянс мүшесінің орташа жылдық санына қарай белгіленді:

5 адамға дейін – 30 000 теңге;

5-20 адамға дейін – 50 000 теңге;

20-50 адамға дейін – 100 000 теңге;

50 адамнан жоғары – 300 000 теңге.

 

немесе Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының төлем жүргізген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша АҚШ долларындағы, Евро, ресей рубліндегі опционды балама сомалар.

 

3.5. Альянсқа бірінші жартыжылдықта кіретін Альянс мүшелері кіру жарнасын мерзімдік жыл сайынғы мүшелік жарна мөлшерінде төлейді, ал келесі жылдан бастап мерзімдік мүшелік жарнаны төлейді. Күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығында Альянсқа кіретін Альянс мүшелерінің, өз қалауынша, мерзімдік жыл сайынғы мүшелік жарнаның 100% немесе 50% мөлшерінде төлеуге мүмкіндігі бар, ал келесі жылдан бастап мерзімдік мүшелік жарна төлейді.

 

3.6. Альянсқа жүргізілген кіру және мүшелік жарналар қайтарымсыз болып табылады.  

 

3.7. Альянс мүшесінің өтініші бойынша және Альянстың тиісті шешімімен тұлға мүшелік жарналарды енгізуден 12 айға дейінгі уақыт аралығына босатылуы мүмкін немесе мүшелік жарналарды енгізу 12 айға дейінгі уақыт аралығына кейінге қалдырылуы мүмкін. Айыппұл санкциялары немесе өсімақылар жоғарыда аталған төлемнен босатылған кезде немесе төлемдердің кейінге қалдырылған сипатта қолданылмайды.

   

3.8. Альянс мүшелері, мақсатты арналарды қоса алғанда, мүлік сатып алу үшін және Альянстың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар өткізу үшін, сондай-ақ қайырмалдық жасау үшін, материалдық көмек көрсету үшін және Альянстың басқа да жарғылық мақсаттарына өзге де ерікті жарналарды енгізе алады.

 

 

4. АЛЬЯНС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

4.1. Альянс мүшелері мыналарға құқылы:

 

4.1.1. Жарғыда белгіленген тәртіпте істерді басқаруға қатысуға, сондай-ақ Кеңестің қарауына Альянс қызметінің мәніне қатысты барлық мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

 

4.1.2. Қаржы қаражаттарының жұмсалуы, Альянс қызметі туралы ақпарат алуға, өз бланктері мен мөрлерінде өзінің Альянсқа тиесілілігін көрсетуге;

 

4.1.3. Альянс құрған қорларға салымдар енгізуге, өзі үшін тиімді шарттармен Альянс іске асыратын жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға және несиелендіруге;

 

4.1.4. Бірінші кезектегі тәртіппен Альянс ұсынған қызметтерді пайдалануға құқылы. Бұл ретте тегін көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін Альянс мүшесі шарт жасасуы тиіс;

 

4.1.5. Альянста бар іскерлік ақпаратты толық көлемде пайдалануға;

 

4.1.6. Қаржылық жыл аяқталғанда Альянстан өз қалауы бойынша шығуға құқылы. Бұл жағдайда ол Альянстың міндеттемелері бойынша шыққан кезден бастап екі жыл ішінде өз жарнасына тең мөлшерде субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

4.2. Бірлестік мүшелері мыналарға міндетті:

 

4.2.1. Осы Жарғының және Альянстың жалпы жиналысында және Кеңесінде қабылданған (бекітілген) басқа да актілердің талаптарын сақтауға.

 

4.2.2. Альянстың басқа мүшелерінің мүдделерін құрметтеуге, Альянстың мүшелерімен және әріптестерімен жасалған шарттардың, келісімшарттар мен келісімдердің талаптарын қатаң сақтауға;

 

4.2.3. Осы Жарғыда көзделген тәртіпте және мөлшерде салымдар енгізуге.

 

4.2.4. Альянсқа оның қызметімен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға.

 

4.2.5. Альянсқа оның қызметіне жәрдем көрсетуге, сондай-ақ Альянсқа материалдық немесе моральдық зиян келтіруі мүмкін барлық әрекеттерден тартынуға.

 

4.3. Альянс мүшесінің құқықтары үшінші тұлғаларға беріле алмайды.

 

 

5. АЛЬЯНС ҚҰРАМЫНДАҒЫ МҮШЕЛІКТІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ ТӘРТІБІ

 

5.1. Альянсқа мүшелік мына жағдайларда тоқтатылады:

 

- Альянс мүшесінің өз еркімен шығуы;

- Альянс мүшелігінен шығарылуы;

- заңды тұлғаны – Альянс мүшесін тарату немесе қайта ұйымдастыру.

 

5.2. Альянс мүшелігінен шығу:

 

5.2.1. Альянс құрамынан мүшенің өз еркімен шығуы Альянстың Атқарушы директорының атына жазбаша өтініш беру арқылы қаржылық жыл аяқталғанда ғана жүзеге асырылады.

 

5.2.2. Мүше Альянс құрамынан шығу туралы өтініш бергеннен кейін үш айдан кешіктірмей, Альянстың Атқарушы директоры:

- мүшенің бұрын өзіне қабылдаған жалпы Альянстың басқа мүшелеріне қатысты міндеттемелерін орындау тәртібін айқындауға;

- мүшенің Альянстан шығуымен байланысты өзге де мәселелерді шешуге;

- шығатын мүшемен Альянспен жасалған шарттар бойынша қаржылық есеп айырысуларды жүргізуге міндетті.

 

5.2.3. Жоғарыда аталған мәселелерді шешкен соң, алдағы Кеңесте өтініш берушінің Альянс мүшелігінен шығуы туралы шешім бекітіледі.

 

5.3. Альянс мүшелігінен шығару:

 

5.3.1. Альянс мүшесі Альянс мүшелігінен оның келісімінсіз, яғни бір жақты тәртіппен, жиналысқа қатысқандардың білікті көпшілік даусымен қабылданған  Альянс мүшелерінің Жалпы жиналысында бекітілген негіздер бойынша шығарылуы мүмкін.

 

Альянс мүшелігінен шығару үшін негіздер мыналар болып табылады:

 

- жалпы Альянс үшін және/немесе оның жекелеген мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкелген немесе әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу;

- құрылтай құжаттарының ережелерін сақтамау;

- Альянстың ішкі құжаттарымен реттелетін этикалық нормаларды бұзу;

- Жалпы Альянстың немесе оның жекелеген мүшелерінің іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе нұқсан келтіруі мүмкін жалпы Альянсқа немесе оның жекелеген мүшелеріне қатысты әдепсіз іс-қимылдар;

- қаржылық жыл аяқталғанда мүшелік жарналарды төлемеу;

- Жалпы Альянсқа немесе оның жекелеген мүшелеріне материалдық залал келтірген немесе келтіруі мүмкін немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін құпия ақпаратты жария ету. Құпия болып табылатын мәліметтер тізбесін Альянс мүшелерінің Жалпы жиналысы бекітеді.

 

5.3.2. Альянстан өз еркімен шығу Альянс мүшелігіне бұрын Альянс мүшелігінен Альянс Жарғысында және Ережеде көзделген тәртіпте өз еркімен шыққан тұлғаны қайта қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

 

5.3.3. Бұрын Альянс мүшелігінен шығарылған тұлға Альянс мүшелігіне қайта қабылдана алмайды.

 

5.3.4. Заңды тұлғаны – Альянс мүшесін тарату немесе қайта ұйымдастыру Альянстағы мүшелікті оны таратқан немесе қайта ұйымдастырған күннен бастап автоматты түрде тоқтатады.

 

 

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

6.1. Осы Ереже оны Ольянстың Жалпы жиналысы бекіткен кезден бастап күшіне енеді.

 

6.2. Осы Ережеге өзгерістер енгізу Альянс мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімі негізінде жүргізіледі.