Альянс мүшелігіне қабылдау шарттары мен тәртібі 

Альянс мүшелері Альянстың құрылтайшылары, сондай-ақ Альянс Жарғысында және осы Альянсқа мүшелік туралы ережеде көзделген тәртіпте Альянсқа кірген, Альянстың мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесетін, Жарғыны және өзге де басшылық құжаттарды және Альянстың басқару органдарының шешімдерін мойындайтын және орындайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады

Альянс мүшелері технологияларды коммерцияландыру, жоғары технологиялық және инновациялық кәсіпкерлік, білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар бола алады

Альянсқа жеке мүшелік

Жеке тұлғалар мүшеліктің келесі санаттарына өтініш бере алады:

- Альянстың қауымдастырылған мүшесі – өтініш берген кезде технологияларды коммерцияландыру саласында кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлғаларға беріледі.

Альянсқа қауымдастырылған мүшелік мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

- Альянс онлайн-коммуникациялық топтарына қосылу (блогтар, е-жөнелтім, әлеуметтік желілер);

- Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;

- Семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуға 20%-дық жеңілдік;

- Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа да іс-шараларына тегін қатысу.

- Альянстың толық мүшесі – технологияларды коммерцияландыру саласында, өтініш берген кезде технологиялық компанияларға инвестиция салуда кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі, біліктілікті арттыру бойынша 40 сағат семинардан өткен, сондай-ақ технологияларды коммерцияландыру нәтижелері бойынша, оның ішінде жасалған технологияларды лицензиялау мәмілелері және/немесе технологиялық компанияларға жеке және мемлекеттік қаржыландыруды тарту бойынша ақпараты бар расталған тізбесі бар жеке тұлғаларға беріледі;

Альянсқа толық мүшелік мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

- Альянс онлайн-коммуникациялық топтарына қосылу (блогтар, е-жөнелтім, әлеуметтік желілер);

- Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;

- Альянстың корпоративтік кітапханасына тегін қолжетімділік алу;

- LinkedIn кәсіби алаңында жабық топқа қол жеткізу;

- Альянстың корпоративтік сайтында Альянстың толық мүшелерінің тізбесіне дербес ақпаратты енгізу;

- Аккредиттелген семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуға 20%-дық жеңілдік;

- Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа да іс-шараларына тегін қатысу.

- Альянстың сертификатталған мүшесі – Альянстың Оқыту және сертификаттау жөніндегі комитеті тағайындайтын Certified Technology Commercialization Professional (CTCP) дәрежесі үшін аттестация алу қорытындылары бойынша Альянсқа толық мүшелігі бар жеке тұлғаларға беріледі.

Альянсқа сертификатталған мүшелік мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

- Альянстың «Certified technology commercialization professionals» тізіміне қосу;

- Альянстың корпоративтік сайтында дербес профиль құру;

- Альянстың корпоративтік кітапханасына қол жеткізу;

- Альянстың қызмет бағыттары бойынша қызмет көрсетуіне қатысу мүмкіндігі;

- Технологияларды коммерцияландыру саласындағы жетістіктерді Қазақстанның технологияларын коммерцияландыру бойынша табысты тарихтар жинағына (National technology transfer success stories) енгізу, ол Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында инновациялық кәсіпкерлік және технологияларды коммерцияландыру бойынша білім беру курстарында пайдаланылады;

- Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа іс-шараларына қатысу мүмкіндігі.

Альянсқа корпоративтік мүшелік

Заңды тұлғалар мүшеліктің келесі санаттарына өтініш бере алады: Альянстың қауымдастырылған және толық мүшесі.

Альянсқа заңды тұлғалардың қауымдастырылған мүшелігі мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

- Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;

- Семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуға 20%-дық жеңілдік;

- Альянстың қызметтеріне 20%-дық жеңілдік.

Альянсқа заңды тұлғалардың толық мүшелігі мынадай пайдалар алуға мүмкіндік береді:

- Ұйымның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін Альянстың жобалар каталогына енгізу;

- Альянстың мерзімдік және талдамалық басылымдарына ашық қол жеткізу;

- Ұйым қызметкерлерінің семинарларға және Альянстың басқа да оқыту іс-шараларына қатысуына 20%-дық жеңілдік;

- Альянстың қызметтеріне 20%-дық жеңілдік;

- Жыл сайынғы конференцияларға және Альянстың басқа іс-шараларына қатысу мүмкіндігі.

Жеке тұлғалар төлеуден босатылады және кіру және мүшелік жарналарды енгізбейді.

Заңды тұлғалар кіру және мүшелік жарналарды белгіленген тәртіпте төлейді.

Мерзімдік жыл сайынғы мүшелік жарналар мөлшері ұйым қызметкерлерінің – Альянс мүшесінің орташа жылдық санына қарай белгіленді:

5 адамға дейін – 30 000 теңге;

5-20 адамға дейін – 50 000 теңге;

20-50 адамға дейін – 100 000 теңге;

50 адамнан жоғары – 300 000 теңге.

немесе Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының төлем жүргізген күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша АҚШ долларындағы, Евро, ресей рубліндегі опционды балама сомалар.

Жеке тұлғалар үшін өтініш нысанын көшіріп алу

Заңды тұлғалар үшін өтініш бланкісі көшіріп алу

 

Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. : қол қойылған есептілікті және басқа да қажетті құжаттар Біздің электрондық пошта мекенжайына жіберу керек